СҚО-да бүтін бір отбасы уланып, екі бала көз жұмды: Өлімнің себебі анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында көз жұмған бір отбасы балаларының неден уланғаны белгілі болды. Деректерге сүйенсек, олар нитрит тұздарына уланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында отбасының улану себебі анықталған. Сараптама нәтижесінде балалар нитритпен жедел уланудан көз жұмғаны көрсетілген.
"Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге де мәліметтер жария етілмейді", – делінген хабарламада.
Нитрит – азот қышқылының тұздары. Олар әдетте ет өнімдерін маринадтап, ыстау және консервант жасау кезінде қолданылады.
Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да шұжық пен тұшпарадан уланған отбасының екі баласы көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді