Сиыр сауған Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті (видео)
Әріптестері Дубай аралап жүргенде, Төреғали Төреәлі жазғы демалысын ауылда өткізуді жөн көрген. Әнші уақытты бос өткізбей, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне етене араласуда. Күні кеше Stories-те ТТТ малға жем беріп, сиыр сауғанын көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Төреғалидің бұл бейнесін көрген жұрт оны жаппай пабликтерде бөлісіп, қызу талқыға салуда.
"Сиырды саумас бұрын алдымен кішкене шөп беріп қоямыз. Қазір бұзау өзінің анасын еміп жатыр, алдымен кішкене идіріп аламыз. Бұрын жеңгелерім, ағаларым да сауатын.
Әкем де бала күнінде сиыр сауғанын айтады. Онда тұрған ештеңе жоқ", – деп бөлісті әнші.
Желі қолданушылардың бір тобы Төреғалидің қарапайымдылығына тәнті болып жатса, ендігілері ауылда өскен кез келген азаматтың сиыр сауатынын айтуда.
"Жарайсың, қарапайым, кісілігі жоқ", "Сол да сөз болып па?", "Менің де ағаларым сауатын", "Сиыр сауу ер адамға керек емес деп ойлаймын", – деп жазды олар.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"