Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік МӘМС қорын тергеуді бастады
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Бектенов Олжас Абайұлы денсауық сақтау саласына қатысты жемқорлық мәселесіне кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бектенов МӘМС қорының ішкі жүйесіне тергеу жұмыстары басталғанын айтты. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық мәселелері талданып, бірлескен жұмыс жасалатын болады.
"Жақын арада келісім шартқа қол қайылды. Қазіргі таңа біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ішкі тексеру жұмыстарын бастадық. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі және қор қызметкерлерімен бірге сыбайлас жемқорлық мәселелерінің алдын алатын боламыз. Карантин кезінде жемқорлық мәселелері орын алды. Біз оларды тергеп, тексердік", - дейді Бектенов.
Осылайша Бектенов журналистердің денсаулық сақтау министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты сұрағына жауап берген.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған