Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктерді таңғалдырған барыс ұрғашы болып шықты (видео)

«Алтын дән» демалыс орнының жанындағы Наутсай шатқалына кіріп кеткен барыс шымкенттіктерді тағы таңғалдырды. Жергілікті тұрғындар жануардың отбасына тағы бір жан қосылатынын білді.

Шымкенттіктерді таңғалдырған барыс ұрғашы болып шықты

Бұл туралы TVK арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Яғни, елді шулатқан барыс ұрпақ күтіп жүрген ұрғашы болып шықты. Мұны Сайрам-Өгем ұлттық саябағының қызметкерлері анықтады.

Екіқабат жануардың адамдармен амандасу үшін демалыс орнына кіріп кетуі жұртты сүйсіндіре түсті. Барыс ұлттық саябақ маңында орналастырылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жануарлар әлемі өндіріс бөлімінің басшысы Ескен Орақбаев бірегей кадрларды ТВК арнасының журналистеріне көрсетті.

«Телеарнадан шыққан сюжеттен кейін жаңа дерек анықталды. Барыс біздің камераға түсіп қалды, кадрлардан оның екіқабат екенін аңғару қиын емес. Ішінің үлкейіп кеткені және қиналып жүргені көрініп тұрды. Ұлттық саябақта барыстың көбеюі өте жақсы нәрсе», – дейді Ескен Орақбаев.

Алдағы уақытта жануарлар әлемін қорғау басқармасының қызметкерлері ұрғашының денсаулығын бақылауда ұстамақ.

Оқи отырыңыз: 

Баян Мақсатқызы лифтте көз жұмған тележүргізуші жайлы: Бізде әркім жауапты ісіне немқұрайлы қарайды

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

11 жасар қазақ қыздары жеке кәсіптерін ашып, табысқа кенелудің жолын тапқан

Маман: Дала дәретханасын қолданатын адамдар бедеулікке ұшырайды

Талқылау