Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер көшеде тастап кеткен нәрестеге көмек жинап жатыр

Шымкентте еріктілер 25 ақпан күні көше бойынан табылған тастанды сәбиге арнап көмек жинап жатыр.

1626401

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

“Біз қыз балаға арналған ең қажетті киімдер керек екенін жариялаймыз: бала киімдері, ылғалды орамал, кішкентай құты, емізік, сабын, жөргек”, – деп жазады олар әлеуметтік желіде.

Еске сала кетсек, жаңа туған сәби “Даумед” клиникасына жақын маңнан табылған еді. Нәрестені қоқыс бәгі мен банкомат арасына тастап кеткен. Оны клиниканың күзетшісі мен медициналық қызметкері тауып алыпты.

Жедел жәрдем нәресте қызды бірден №2 перинаталдық орталыққа алып кеткен. Қыздың жағдайы қазір ауыр көрінеді. Оның салмағы 2700 грамм болған.

Оқи отырыңыз:

Ұлыбритания елшісі қазақ дәстүрі бойынша баланың тұсауын кесті

Талдықорғанда мүгедектерді тегін тасымалдайтын “Мейірімді такси” қызмет етеді

Қазақстанда жерлеу рәсімдеріне қаржы жұмсауды заңмен шектемек

Науқас емханада екі дәрігер әйелді есінен танғанша аяусыз сабап тастады (видео)

Талқылау