Шымкентте полицейлер 10 жастағы баланы іздестіріп жатыр
19 шілде күні 38 жастағы әйел 10 жасар ұлы Тұрсынбек Ұлықбек Алмасбекұлының жоғалғаны жөнінде хабарлады.

Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
10 жастағы Тұрсынбектің бойы 120 см, орта денелі, қара шашты. Үстіне көк түсті шолақжең киген. Сұрғылт түсті шорты мен, қоңыр жаздық аяқ киім киген.
19 шілде күні 38 жастағы әйел 10 жасар ұлы Тұрсынбек Ұлықьек Алмасбекұлының жоғалғаны жөнінде хабарлады. Ол 2006 жылы туған. Ол 18 шілде күні «Бекжан» базары маңында анасына дәретханаға барып келетінін айтып, содан әрі қарай жоғалып кеткен.
Тергеу барысында баланың үйінен бірнеше рет кетіп қалғаны анықталды.
Полицейлер қала тұрғындары мен куәгерлерден қандай да бір ақпарат білсе, 8-771-883-30-13 немесе “102” нөміріне хабарлауын сұрайды.
Жіберіп алмаңыз:
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды