Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте почта бөлімшесінің басшысы зейнеткерлердің 9 миллион теңгесін ұрлаған

Шымкентте зейнеткерлерге тиесілі 9 миллион теңгені жымқырған почта бөлімшесінің басшысы жауапқа тартылды.

58578ce249e54

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Азаматша Б.Г.-ға қатысты қылмыстық істі Еңбекші аудандық соты қараған. Оған өзгенің ақшасын иемденгені үшін ҚР Қылмыстық кодексі 189 бабы 4 бөлімі 2 тармағы негізінде айып тағылды.

Ол жалған бағдарлама жасау арқылы, 26 азаматқа тиесілі 9 306 987 теңге болатын зейнетақы мен жәрдемақыны 2016 жылдың наурыз-сәуір айларында жымқырған.

Сот үкімі бойынша айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленетін болды. Ол сондай-ақ, зардап шеккендерге төлейтін шығынды да көтереді.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында қар көшкінінен тірі қалған сарбаз оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Жарақат алған полицейдің әйелі: “КамАЗ” жүргізушісі ауруханаға кешірім сұрап келді

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау