Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ойнап жүрген балалар адамның мәйітін тауып алды

18 мөлтек аудандағы көп қабатты үйлердің маңында көмулі жатқан мәйтті, ойын балалары тауып алған.

Яғни топыраққа терең көмілмеген дене көзге түсіп қалған. Қылмыстық әрекет 21 ші желтоқсан күні орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды tvk.

Кісі өлтіріп қылмысын жасыруға тырысқан күдікті, мәйтті сол күні таңғы 4 тер шамасында гараждардың арасына көме салған. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің жедел іздестіру тобы, күдіктіні көпке ұзатпай қамауға алды.

Мәлім болғандай адам өлтіріп қашып жүрген 1990 жылғы жігіт Қайнарбұлақ саяжайында қолға түсті. Ол өзінен 16 жас үлкен кісіні аяусыз соққыға жыққан. Ауыр тепкіні көтере алмай жан таспырған 1974 жылғы азамат бұрын сотталған. Оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған.

Тағы да оқыңыз:

Аяққа киетін шұлыққа “Алла” сөзін жазғандар мұсылмандарды ашуландырды

Аш болсаңдар көрер ем: Азамат Сатыбалды есірген жастарды сынға алды

Шетелдік ғалымдар қазақстандықтардың шашынан бағалы металдар тапты

Талқылау