Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қайырымды жігіт пойыз астына түскен қызды құтқарып, өзі көз жұмды

Қайғылы оқиға Шымкентте 6 ақпан күні болды. Ер адам 18 жастағы екі  студент қызды құтқармақ болып, өзі мерт болды.

Бойжеткенді ажалдан құтқарып қалған ер адам өзі жарақат алғанымен тірі болған. Алайда емханада есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды TVK арнасы.

Дәрігерлер Нематолла Махмудовтың өмірі үшін екі күн күресті. Алайда құтқарушы жігіт есін жимастан мерт болды. 1987 жылғы жігіттің бауыры, басы жарақаттанған.

Мерт болған жігіт Сайрам ауданында қайырымдылығымен танымал болған. Әрдайым елге көмек қолын беріп жүретін қайырымды жігітті жұрт  Немат- МЧС деп атап кеткен. (Құтқарушы деген мағынада). Осы жолы да пойыз астына түсіп кете жаздаған екі бойжеткенді құтқармақ болған.

Немат пойыз жолдан өтіп бара жатқан екі қызды байқайды. Пойыз жақындап қалғандықтан ол қыздарға тұра ұмтылады. Бірін итеріп, екіншісіне ұмтылғанда, өзі пойыз астына түседі.

Аман қалған қыздың айуынша, олар сол уақытта құлаққап тағып алғандықтан пойызды байқамай қалған.  Студент қыздың еш жері жарақаттанбаған.

Пойыздың жанында жүргіншілерге арналған көпір бар. Бірақ тұрғындар мүлде көпірмен жүрмейтін көрінеді. Пойыз жолдың жанына екі мектеп, ХҚКО, СЭС пен емхана орналасқан.

Тағы да оқыңыз:

Талдықорғанда жемқорлыққа қарсы бюроның есепшісі қызмет орнында асылып қалды

Қайта осындай әйел тапқаныма бақыттымын: Кемпірге үйленді деп желіде шу болған күйеужігіт шындығын айтты

Талқылау