Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғынын Мәскеуге құлдыққа енесі жіберіпті

Шымкент тұрғыны Мәскеудегі азық-түлік дүкеніне  жұмысқа барып қалайша құл болып кеткені жайлы ашық әңгімеледі. Несібелі Ибрагимованың сөзінше оны Ресейге  «жұмысқа» енесі алдап ұшырып жіберген,-деп жазды КТК арнасы.

шым2

Оның сөзінше Мәскеудегі азық-түлік дүкен иесі енесінің жақын туысы екен. Несібелі онда сегіз ай бойы құлдықта болған. Оның елге қашып келуіне жергілікті белсенділер көмектесіпті.

Несібелі Ресейдегі көрген азабын көзіне жас алмай , даусы дірілдемей айта алмайды. Ол онда күнде  соққыға жығылған. Әрі  өздерін жұмыс беруші аш құрсаққа арақ ішуге мәжбүрлегенін де жасырмайды.

« Күнде жеген таяқтың кесірінен қазір басым қатты ауырады. Бүйректерімнің де жұмысы нашарлаған. Онда үнемі аш жүргендіктен қазір асқазаным ауырады. Жұмысқа аттанбас бұрын  денсаулығым жақсы еді»,-дейді Несібелі Ибрагимова.

Өзінің осындай қорлыққа тап болғанына ол тек дүкен қожайынын ғана емес, енесін де кінәлайды. Күйеуімен ажырасып кеткен оны енесі алдап, Ресейге жұмысқа баруға көндіріпті.

« Өткен жылдың мамыр айында енем мені өз анамның қолынан алып кетті. Кешірім сұрап баласы екеуміздің бірге бақытты өмір сүргенімізді қалайтынын айтты. Ол кезде күйеуім Мәскеуде еді.  Енем мені алып қайтқан күннің  ертесінде-ақ екеуміз Ресейге бет алып әуежайға бардық. Бірақ ұшқалы тұрған кезде барып мен жалғыз кетіп баражатқанымды білдім. Енем жұмысы шығып қалғанын айтып, ізімізден келетінін түсіндірді. Дүкенге келсем күйеуім еден жуып жүр. Ол бұрынғыдай емес еді. Арада бір ай өткеннен кейін менде қорлықта өмір сүре бастадым»,-дейді келіншек.

Оның сөзінше енесі дүкен қожайынына үлкен сомада қарыз болған. Соның  өтеуі есебінде жұмысқа өз баласы мен келінін жіберіпті.

«Жансұлудың Шымкентте де дүкендері бар. Түсінгенім бойынша, қазір ол дүкен менің енемдікі екен. Негізінен енем еш жерде жұмыс істемейді. Ал атам арасында таксиші болып тұрады. Дүкенді жалға беріп қойыпты. Елге келгеннен кейін енеме Мәскеуде ұлы құл болып жүргенін айттым. Ол жұмған аузын ашқан да жоқ»,-дейді әйел.

Құлдықтан қашып құтылған қыз Ресей ІІД-сіне шағым түсірген. Ол  өзінің бұрыңғы туысын сотқа беріп, жауапқа татуды да жоспарлап отыр. Бірақ, алдымен  денсаулығына көңіл бөлу керек болып тұр. Оның емделуіне жергілікті  белсенділер көмектесіп жатыр екен.

«Оған заңгердің, психологтың, әлеуметтік бөлімдегілердің көмегі қажет»,- дейді «Сана Сезім»   әйелдер құқығын қорғау орталығының үйлестірушісі Раушан  Құдайшүкірова.

Қазақстандық  белсенділер өз орталықтарына тура осындай мәселе бойынша  көмек сұрап 2008 жылдан бері 14 шымкенттік хабарласқанын айтады. Олардың барлығы да түрлі уақытта осы Истанбековтардың дүкенінде құлдықта болдық деген. Зардап шеккендердің бесеуі шағымданудан түбегейлі бас тартқан. Психологтар  дүкен қожайындары толық емес отбасы мүшелері мен іздеуі жоқ адамдарды  құлдыққа салып келген деп қорытындылайды.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да ерлі-зайыптыларды 5 ай бойы құлдықта ұстап, сатып жібермек болған (фото)

Мәскеуде құлдықта болған қазақстандық қандай қорлық көргенін айтып берді

Жамбылда қызын зорлады деп қайнысын қаматқан келіншек енді оны жақтап шықты

 

Талқылау