Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Қытайда туып-өскен биші Шұғыла Сапарғалиқызы көкейінде ешуақытта отанға оралу деген арман болмағанын жасырмады. Тіпті, алғаш келген кезде Қазақстаннан Қытайды артық көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Шұғыла Сапарғалиқызы

«Шынын айту керек, менде ондай ой болған жоқ. Өйткені мен тиіттейімнен сол жақта туып-өстім. Маған Қазақстан деген бөтен дүние болды. Ол кезде оқып жүрдік, бала болдық, жас болдық. Арманымыз басқа болды. Мен сол мемлекеттің астанасы Пекин қаласында білім алып жүрдім. Сол жерде жұмысқа қалып, Еуропа мен Америка секілді дамыған мемлекеттерге шығуым керек болды. Жетістіктерге қол жеткізуім керек дегендей. Жастық кезімде атақты биші болғым келді. Ал «Қазақстанға барамын, елге ораламын» деген болған емес», - деп шынын айтты биші қыз. 

Шұғыла Сапарғалиқызы Қазақстанға алғаш рет 1996 жылдың көктемінде келген. Жаркенттің кеденінен өтіп келген кезде отанының өзіне аса ыстық болып көрінбегенін жеткізді. 

«Шынымды айтсам, бұл жерге келген кезде шошып кеттім. Пекинде 22 жастағы қызбын. Ал мына жақта Қазақстанның жаңадан егемендік алған уақыты: жарықтың бәрін сөндіріп қоятын, ал жолдың бәрі шұңқыр-мұңқыр. Маған керемет дөрекі, ерсі болып көрінді. Қазақстанға келіп мында өмір сүргенше, Пекиннен Үрімжіге барып, сол жақта тұрғаным артық деп ойладым. Өзіме сондай сөз айттым. Шынында ол кезде заман сондай еді», - деді Шұғыла Сапарғалиқызы. 

Естеріңізге сала кетсек, аталған бағдарламада танымал актриса Назгүл Қарабалина бір кездері әкімші болып жұмыс істеп, Мәдина Сәдуақасова, Айгүл Иманбаева сынды әншілердің киімін үтіктегенін айтқан болатын

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шендінің пара алып жатқаны видеоға түсіп қалды

Оқиға Жамбыл облысында болған

"Әлем көрген кеудеңді, әлдилеген сәбиге емізбексің бе ұялмай": Журналист Динагүл Тасоваға өлең арнады

Көпжасарұлы: Бір еркекпен жаттым деп, не әңгіме есірген

Түркістанда өз үйін сатып, Сирияға қашып кетпекші болған ер азамат ұсталды

Ол қаланың ортасында велосипедпен кетіп бара жатқанда қолға түскен

Оралда мәйітхана қызметкерлері 10 жастағы қыздың денесін өзге адамдарға беріп жіберген

Мәйітті алғандар сөмкені ашпағандықтан басқа қыз екенін білмепті

Соңғы уақытта парадан бас тартқан: БҚО-да шенеунік әйелді жасырын түрде видеоға түсірген

Парадан бас тартып, жазадан құтылды

Министр Абаев: Мен өзім қайтыс болған соң дене мүшемді алуға келісім беремін

Абаев: Ешқандай дінде донорлыққа тыйым салынбаған

"Басқа әкімнің керегі жоқ": СҚО-ның ауыл тұрғындары басы дауға қалған ауыл әкімннің қызметіне қайта оралуын талап етті

Ауыл тұрғындары әкімге сөз жуытпады

Алматыда ата-анасы қайтыс болған соң балалар үйіне түскен бүлдіршін жоғалып кетті

Бала 4 күннен бері іздеуде

"Марат Омаровтың сүйіктісімін": Шымкентте адам өлтірген әйелдің әншіге қандай қатысы бар

Сотталушы мас күйінде адам өлтірді

Олимпида-2020-ға Қазақстанның атынан екі ауыр атлетші ғана қатысады

Қазақстанға 2016 жылы орын алған допингтік шудан кейін шектеу қойылған
Çàãðóçêà...