Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шортандыдағы жарылысқа үй иесі кінәлі – Төтенше жағдайлар министрі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шортандыдағы жарылысқа кінәлілерді атады. Айта кетейік, бірнеше апта бұрын ауылда газ баллоны жарылып, бес адам қаза тапқан. Олардың үшеуі балалар. Төтенше жағдайлар министрлігі келтірген дерек бойынша қайғылы оқиғаға үй иесі кінәлі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

шортанды

"Үй иесі баллонды әкеліп, пештің жанына орнатқан. Бұл оның жақындары мен туыстарының өліміне себеп болды. Біріншіден, үй иесінің кінәсі, екіншіден адамдар газ баллондарын жанармай құю бекеттерінен толтыруға болмайтынын біле тұра сол жерге барады”, – деді Юрий Ильин. 



Сонымен қатар министр "Абай" кенішіндегі апатқа қатысты пікір білдірді. Оның мәліметінше, "Арселор Миталлдың" тікелей кінәсі жоқ. Дегенмен екі апта бұрын мүлде басқа деректер келтірген. Қазір жұмыс берушінің қайғылы оқиғаға жанама кінәсі жайлы айтуда. 

"Құрылғы дайын болмаған, тек ауысым өзгерген. Жұмыс берушінің жанама кінәсі – бұл жерде ұзақ уақыт бойы геологиялық зерттеу жүргізбеуінде. Бәрінен бұрын, Қарағанды облысындағы көмір алабында", –  деді министр. 

Бұдан бөлек министр төтенше жағдайлар салдарынан қаза болғандар статистикасын жариялады. Келтірілген дерек бойынша жыл басынан бері елде 700-ден аса адам қаза тапқан. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысы Шортанды ауылында газ баллоны жарылып, бес адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеген едік. 

Талқылау