ШҚО-дағы Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды
Шығыс Қазақстанда Риддер қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бұйрығымен, Риддер қаласының әкімі болып Дмитрий Горькова тағайындалды. Даниал Ахметов жаңа басшыны қалалықтармен таныстырды.
Дмитрий Анатольевич 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Аманжолов университетінің құқықтану мамандығы бойынша және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті қаржы және несие мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қаржы полициясында бастаған.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге