ШҚО-да әскери қызметкер өзін атып өлтірді
Өскемендегі 3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметкер өзін атып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.
"29 мамырда бекетте қызмет ете отырып, 3477 әскери бөлімінің әскери қызметкері қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов қарудан бас аймағына оқ атқан, нәтижесінде ол қаза болды", - деді баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалған.
Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.
"Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне оқ атқан еді.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті