ШҚО-да 82 жастағы әжейді құжаты дұрыс болмағаны үшін пойыздан түсіріп кетті
Шығыс Қазақстан облысында 82 жастағы әжейді ЖСН нөмірі жоқ болғандықтан және тәртіпке бағынбағандықтан пойыздан түсіріп кеткен.

Алматы облысындағы Үштөбе ауылында тұратын егде әйел “Алматы-Новосібір” бағытындағы пойызбен Ресейдегі туыстарына кетіп бара жатқан.
“Ауыл” шекаралық бекетінде құжаттарды тексеру кезінде ЖСН нөмірі жоқ болғандықтан ҚР азаматшасының құжаты талапқа сай болмай шығады. Шекарашылар жолаушыға пойыздан түсіп қалу керектігін айтады. Алайда бұған қарсылық танытқан зейнеткер құжатының 2024 жылға дейін жарамды екенін алға тартады.
Нәтижесінде әжей Бородулихинск ауданында пойыздан түсіп қалып, сот процесін күтуге мәжбүр болған. Оны заң талаптарын орындау бойынша және әскери қызметкерлердің талабын орындамау негізінде айыпты деп танып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салған. Енді әжей мемлекетке өз қалтасынан 14 847 теңге төлеуі тиіс.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген
Алматылық зейнеткердің ForteBank депозитіндегі ақшасы екі рет ұрланған: Ол ақшасын 4 жылдан бері қайтара алмай жүр
74 жастағы зейнеткердің ForteBank-тің клиенті болғанына он жылдан асқан