Шымкентте жолға жүгіріп шыққан жылқылар кісі өліміне алып келген апатының себепкері болды
Шымкентте көлік жолға шығып жүгіріп шыққан жылқыларды қағып кетті. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап.
ВАЗ 21099 көлігінің жүргізушісі жолға жылқылар жүгіріп шыққанда тоқтап үлгермеген. Салдарынан көлік жолдың қарсы бетінде келе жатқан екінші көлікке соғылған. Жол апаты Еңбекші ауданындағы Абдулабад ауылында 16 шілдеде болған.
Жол-көлік оқиғасының сладарынан ВАЗ 21099 көлігің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Ауруханаға тағы төрт адам түрлі жарақаттармен жеткізілді.
"Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген Шымкент полиция департаментінің хабарламасында.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді