Шымкентте Lexus көлігімен қызды "алып қашқан" видео желіде тарап кетті
Шымкентте Lexus көлігіне салып қызды "ұрлау" оперциясы видеоға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желілерде желдей есуде. Қалалық полиция департаменті жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде "қызды алып қашқан" туралы бейне пайда болды.
Куәгерлер қызды зорлап алып кеткенін айтады.
Шымкент полиция департаменті 2021 жылдың 3 наурызында сағат 20.00 шамасында оларға қонақ үйлердің бірінің жанында белгісіз біреулер қызды күштеп Lexus маркалы автокөлігіне отырғызып, кетіп қалғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады.
"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бірқатар қажетті іс-шаралар өткізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Сауалнама барысында 22 жастағы қыз өзінің 23 жастағы жігітімен ұрысып қалғанын, бірақ өз еркімен оның көлігіне отырғанын түсіндірді. Сондай-ақ, бойжеткен жас жігітке ешқандай шағымы жоқ екенін айтты", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған