Шымкентте еңбек мобильділігі орталығының басшысы ұсталды (видео)
Шымкентте еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Шымкент бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
Ол "Бастау Бизнес-2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті іске асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге