Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам өгей қызын жылдар бойы ұрып келген (видео)

Шымкентте кәмелет жасына толмаған қызды өгей әкесі жылдар бойы ұрып-соғып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Не молчи" қорына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынған кадр

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріге қыздың туыс әпкесі хабарласып, араша сұраған. Сондай-ақ қызды белдікпен ұрып жатқан сәтінен видео жіберген.  

Туысының жазуынша, қорлық көріп келген қыз қазір кәмелет жасына толмаған балаларды бейімдеу орталығында. Ол үйіне барғысы келмейді. 2017 жылы өгей әкеден қорлық көрген қыздың әжесі полицияға арызданған екен. Бірақ туыстарының айтуынша, жағдай өзгермеген. Қыздың анасы да соққыға жығылады екен. Өгей әке қызды өте қатты ұрып-соғып, тіпті шашын жұлған. 

Аталған видеоға қатысты Шымкент қаласы полиция департаменті түсініктеме берді. 

"Аталған жағдай 2023 жылдың сәуір айында болып, өгей әкеге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Сот қаулысымен тараптар татуласып, іс бойынша тергеу тоқтады. 2023 жылдың 21 желтоқсанында кәмелетке толмаған бала ювеналды полиция инспекторына ата-анасының үстінен шағым түсіріп, содан кейін бейімдеу орталығына орналастырылды. Ананы ата-ана құқығынан айыру туралы материалдар мамандандырылған сотқа жіберілді.

Айта кетейік, бұл отбасы жыл бойына полицияның ерекше бақылауында. Тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіліп келеді.

“Қазір қыздың анасы дағдарыс орталығынан психологиялық және заңгерлік көмек алып жатыр", - делінген хабарламада. 

Талқылау