Шымкентте әкімдік қызметкері 700 миллион бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды
Шымкенттегі Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкері аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен істі Шымкент қаласы бойынша ІІМ департаменті тергеп жатыр. Аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, аудандағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру мен күтіп ұстауға арналған сметалық құжаттамада жұмыс пен материалдардың бағасын негізсіз көтеріп жіберген.
"Ол 700 миллион бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды", - делінген хабарламада.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр