Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты
Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см эхинококк құрты алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасөспірім 21-тамыз күні ауыр халде Шымкент қаласындағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түскен.
Дәрігерлер пациентті компьютерлік томографияға түсіріп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған соң, жедел түрде науқасқа ота жасалды.
"Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен тіліксіз ота жасалды. Ішінен 9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Науқас отадан кейін жан сақтау бөлімінде бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды. Отаға аурухананың білікті балалар хирург дәрігерлері Ержан Байдуллаев Қайрат Ізбасов, Асанбай Құрманалиев және Гүлжан Айдинова қатысты. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы", – делінген Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған