Шығыс Қазақстан облысында жоғалған екі бала өлі күйінде табылды
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Елтай ауылында жоғалып кеткен 3 жасар екі бала өлі күйінде табылды.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметі мәлімдеді.
Шағым түскен сәттен бастап учаскелік полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізе бастады. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар қатысты. Нәтижесінде балалардың денелері олардың үйінен 350 метр қашықтықта көкөніс алқаптарына арналған суару арығынан табылды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
"Полиция департаменті облыс тұрғындарын су алқабында сақтық шараларын сақтауға шақырады. Қара жамылған отбасыға шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз", - деп атап өтті департамент.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды