Шығын – 114 миллион теңге: Алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған қазақстандық әйел Грекия аралынан табылды
Алаяқтық бойынша іздеуде болған қазақстандық әйел Грекия аралында ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚМА
Грекия аумағында орналасқан Хиос аралында ішкі істер министрлігінің интерполы шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, халықаралық іздеуде жүрген алаяқты ұстады.
2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінде есепші әйел жеке шотына 230 мың АҚШ долларын (114 миллион теңге) заңсыз аударған.
Қазір ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда майнинг құрылғысын ұрлағаны үшін іздеуде болған полицей бір жылдан кейін өз үйінде ұсталған еді.
"Анам бүгін келе ме?": Жақынынан айырылған балаға қаралы хабарды қалай жеткізу керек
Әлеуметтік желіде желі қолданушысы бес жастағы қызға анасының қайтыс болғанын қалай жеткізерін білмей жүргенін жазған
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады