Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде діни білім алып жатқан қазақ студенттері елге қайтарылып жатыр  

Сыртта күмәнді діни оқу орындарында білім алған отандастарымыз жаппай елге қайтарылып жатыр. Бүгінге дейін осындай 380 азамат оралған. Әлі де сыртта беймәлім діни білім алып жатқан жастар саны 150-ден асады. Оларды елге жеткізу ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысуда. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ал нақ Сирия мен Ирак аумағынан бүгінге дейін 125 адам Қазақстанға қайтарылған. Олардың 57-сі сотталып та үлгеріпті. Қалғандары солардың жұбайлары мен балалары. Кәмелет жасына толмағандардың өзі 40-тан асады. Қазіргі уақытта барлығымен діни сенімін түзету бағытында ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал ел ішінде діни экстремизм және терроризммен күресу үшін алдағы 4 жылға 270 миллиард теңге жұмсалмақ.

«5 жылдың ішінде 38 экстремистік актілердің жолы кесілді. Террористік қауіптілігіне арнайы жұмыстар жүргізіп, бүгінгі таңда әсер ету дайындылығы ұлғайтылды. Қазіргі таңда қаржылардың 99 пайызы терроризмге қарсы бөлімшелердің заманауи техникамен және қару-жарақпен жабдықтауға арналған»,- деді ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы Жанат Сайполдаев.

Жіберіп алмаңыз: 

ШҚО-да жүктілігін отбасынан жасырған әйел баласын даладан тауып алдым деп әкелген

Талдықорғанда 4-қабаттан секіріп кеткен шенеуніктің ұлы жаңа деректерді мәлімдеді

Қарағандыда құлаған шатырдың астында қалды делінген адамға қатысты жаңа дерек шықты

ОҚО-да балалар үйінде өскен жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарған

Талқылау