Шелектеп, қаптап тасуда: Алматы облысында жолдың шетінде картоп тау боп үйіліп жатыр

Алматы облысында жолдың шетінде картоп тау боп үйіліп жатыр. Иесіз, демек, тегін көкөніс жақын маңдағы ауыл тұрғындарын қызықтырып, шелектеп, қаптап тасып әкетуде. Алайда мұншама картопты кімнің және қандай себепті тастағаны белгісіз.

Шелектеп, қаптап тасуда: Алматы облысында жолдың шетінде картоп тау боп үйіліп жатыр

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.

Жолдың шетінде үйіліп жатқан картоптың маңына көптеген көлік тоқтап, көкөністі тегін тастып әкетуде.  

«Өз қажеттіліктері, мал, жеке шаруашылық үшін жинап әкетіп жатыр. Егер ішінде ірілері болса, тұқымға алуға болады», - дейді Қарабұлақ аулының тұрғыны Геннадий Романенко.

Десе де жемісін көру үшін көп тер төгіліп, қаражат жұмсалған картопты кімнің лақтырып тастағаны белгісіз. Ішінде ұсағы көп болса да, бастысы, жеуше жарамды әрі дәмді. Жергілікті тұрғындар шаруашылық иесінің мұндай сыйына дән риза. Ал жергілікті билік жолда қалаған затыңды төгуге болмайды деп отыр. Тіпті, қайырымдылық мақсатында.

«Әрине, жолға төгіп тастағаны дұрыс емес. Мұнда жатпауы тиіс. Кәсіпкердің мұндай әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады. Біз жауапқа тартамыз», - дейді Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әпеков.

Балпық би – Қарабұлақ тасжолында жатқан картопты ауыл шаруашылығындағы сенсация деуге келмейді. Бұған дейін де көкөністі егіп, жинаудағы шығын кірістен көп болса, алқапты жыртып, қопсытумен ғана шектеліп қоятын. 

«Шынымен де адамдар қаптап жүр. Аздап болсын сақтауға алып қояйық дедік. Үйде картоп ектік. Алайда тек 12 қап жинадық. Ол отбасымыз үлкен. Немереміз көп», - дейді облыс тұрғыны Күлсім Күшібаева.

Өз сөзінде тұрғындар тегін картоп «сыйлаған» кәсіпкерді жазаға тартуға қарсы екендерін айтты. Дұрыс істеді, дейді олар.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...