Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шашымды жұлып, темірмен ұрды": Нұр-Сұлтанда мүгедек әйелді көршісі соққыға жыққан

Нұр-Сұлтан қаласында екінші топтағы мүгедек әйел көршісі соққыға жыққанын айтты. Бұл туралы жәбірленуші #НеМолчи қоғамдық қорына шағымданып, кінәлі азаматтың бостандықта жүргенін хабарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

30 мамырда екінші топтағы мүгедек әйел Ләззат Жарықбаева күйеуі жұмыс істейтін Қошке Кемеңгерұлы 66  мекенжайындағы гараждың алдында "ходунокқа" сүйеніп тұрған. Артынша көшеден шу шыққан, әйел ақ BMW автокөлігінің күйеуі жөндеген барлық көлікті соққанын көрген.  

"Мен барып, көліктерді соққан адам қашып кетпеуі үшін көлігінің кілтін алмақ болдым. Алайда көліктерді соққан адамның жанында болған менің көршім Қайрат басымды рөлге ұра бастады. Шашымды жұлып, темірмен ұрды, аяғым мен арқамнан тепкіледі", - дейді жәбірленуші Ләззат Жарықбаева.

Әйелдің айтуынша, көлік рөлінде болған адам 15 күнге қамалған. Ал көршісіне қатысты ешқандай да шара қолданылмапты. 

"Менің белім сынып, енді жүре алмай қалдым. Ми жарақаты анықталды", - дейді әйел.

Қазір Ләззат Жарықбаева төсектен тұра алмайды. Ал оның денсаулығына келтірілген жарақаттың ауырлығын анықтау үшін қымбат сараптама қажет көрінеді. 

Stan.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жағдайды cұрап көрген еді. Алайда жауап ала алмады. 



 

Талқылау