Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ел үміт артқан Полторанин Олимпиада ойындарында жүлде ала алмады

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүлделі орынға іліге алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сурет: Sports.kz

Шаңғы жарысында финн спортшысы Ийво Нисканен жеңіске жетті. Екінші орын ресейлік Александр Большуновке бұйырса, үшінші орынды оның отандасы Андрей Ларьков иеленді.

Жарыс барысында Полторанин 50 шақырым жолда көштің алдында, ресейлік атлет Александр Большуновтан ейінгі орында еді. Алайда 40-ыншы шақырымда Полторанин ресейлік спортшыдан бір минутқа кеш келе жатты. Алайда жарыстың соңғы минуттарында Полторанин алғашты үштік қатарынан шығып қалды.

«Алексей Полторанин Қазақстанның мықты шаңғышысы және құраманың көшбасшысы болып қала береді. Өзіміздің спортшыны қолдап, оған алғыс білдірейік», – деп жарияланды Ұлттық Олимпиада комитеті желідегі парақшасында.

Ал Полтораниннің өзі дәл қазір мән-жайды түсіндіре алмайтынын айтты.

«Не болғанын білмеймін. Бәрі жақсы болып келе жатты. Күшім жтекілікті. Жарыс басында екінші, тіпті үшінші орын туралы ой болған жоқ. Бірінші орыннан үміттендім. Алайда ештеңе де жоқ. Шаңғыны барлығы ауыстырды. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Тек ұзақ уақыт өзім жалғыз жұмыс істедім. Сондықтан күшім жетпеді. Олимпиада мен үшін болмаса керек. Өзім де білмеймін, дәл қазір ештеңені түсіндіре алмаймын. 40-ыншы шақырымнан кейін күшім жоқ екенін сезіндім. Не істерімді білмедім», – дейді Полторанин Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық хоккейші ҚХЛ матчы кезінде ресейлік спортшымен төбелесіп қалды (видео)

Қазақстандық Арман Рысбек америкалық боксшыны бірінші раундта сұлатып тастады

Винокуров: Жағдай қиын. «Астана» жабылуы мүмкін

Головкин мен Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Талқылау