"Шақырғанда уақтылы келмейді": Қорғаныс министрі әскер жасындағыларды рейд кезінде неліктен күштеп әкететінін түсіндірді
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерге шақырылушыларға жасалатын рейдтер туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото almaty_press желі кадрларынан
Бұған дейін желіде қызметкерлердің әскерге шақырылатын жастағы адамдарды ұстап алып, қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (әскери комиссариаттарға) мәжбүрлеп апаратыны туралы ақпарат тараған болатын.
Мәжіліс отырысында Руслан Жақсылықов осы жағдайға байланысты түсіндірді.
"Біріншіден, бұл міндет атқарушы билік органдарына, шақыру ұйымдарына жүктеледі. Екіншіден әскери комиссариаттарға шақырғанда уақтылы келмейтін адамды ішкі істер органдарының қызметкерлері іздейді. Заң, конституция бар. Сондықтан бауырлар, сол заңды орындайық", - деп жауап берді Жақсылықов.
Еске салсақ, бұған дейін Руслан Жақсылықов “Қазақстан әскерінде 4 мың адам шенеунік” деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады