Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахтадағы төтенше жағдай: Тағы бір кеншінің мәйіті табылды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай салдарынан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шахта

"Қазақстан" шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты. Жұмыстар әзірленген іс-шараларға сәйкес жүргізілді. Сағат 8:15-те тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір оны тапсыру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша төрт бөлімше жұмыс істеп жатыр. Тағы үш бөлімше қалған жұмысшыларды іздестіруде", – деді "АрселорМиттал Теміртау" тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

Тағы үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Алғашқы болып электр слесарі Виталий Слюньковтың денесі табылды.

Еске салайық, өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. Өрт кезінде шахтада барлығы 227 адам болған. Бұған дейін 222 адамның жер бетіне шығарылғаны хабарланды.

Талқылау