Серік Күдебаев ресми түрде шекарадан өтпеді - ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Серік Күдебаевтың шекара бекетінен ресми түрде өтпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шекара қызметі ақпаратына сүйенсек, Күдебаев ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтпеген.
“Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен өзара іс-қимылда тексеру тағайындалды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады”, - делінген ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
