Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Абас-шах жуылған киіміндегі Құран сүресінің еш бүлінбегенін айтып таңдандырды

Танымал продюсер Серік Абас-шах жуылып шыққан киімінің қалтасындағы қағазға жазылған Құран сүресі еш бұзылмастан сол қалпы шыққанын айтты.

Безымянный

«Кеше кешке зат көтеріп жүріп, сүйікті шортигімді былғап алдым. Киім ауыстырып, әлгіні жууға берер алдында (келіншегімнің көзінше) қалтамды ақтарып жатырмын ғой. Құжат, кілт, қағаз дегендей… “Байлықтың” бәрін басқа қалтама салып, жөніме кеттім, – дейді продюсер.

Ол біраз уақыттан соң келіншегінің хабарласып, жуған киімінің өзге қалтасында қағаздары бар болғанын, сонымен қосып жуылып шыққанын айтады. Алайда, өзге мәліметтер жазылған қағазы жуылып, жыртылып қалғанымен Құран сүресі жазылған қағаз еш бұлінбестен сол қалпы шаққан.

«Қысқасы былай: Алты-жеті жылдай уақыт болды. Фатиxа сүресін жаттаймын деп ниет қылып, оны кішкентай бір қағазға бастырып, құжаттардың арасына салғанмын. Содан бері, қайда барсам да қалтамнан түскен емес. Ара-арасында еске түсіп, (оқып) қайталағанмен, күнделікті дағдыға айналдыра алмай жүргенмін. Енді, міне… Қағаздың су ішінен құрғақ шыққаны қызық болды. Біреудің аузынан шықса, әсірелеп айтады деп сенбес едім. Құдайдың құдіреті дедім (ішімнен)», – дейді Серік Абас-шах.

 

Талқылау