Сенат жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатты
Сенат жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 1-тармақшасына және "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес жоғарғы сот судьясы Лариса Шепелеваны отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатуларыңызды сұраймыз", - деді депутат Владимир Волков. Сенат отырысында.
Депутаттар судьяны қызметінен босатуға дауыс берді.
Лариса Шепелева заң институтын бітіргеннен кейін ол нотариус, Қарасу өңірінің, Қостанай қалалық сотының, облыстық соттың судьясы болды. 2015 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының судьясы - жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының мүшесі болып жұмыс істеді.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын