Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейс ашуды мақұлдады

Қазақстан парламенті сенаты депутаттары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейс ашу туралы ұсынысты мақұлдады. Екі ел үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім бүгін палатаның пленарлы отырысында ратификацияланды. Құжатқа енді мемлекет басшысы қол қоюы керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тиісті заңды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев таныстырды. 

"Жоба Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы ҚР заңының 5-бабының 2) тармағына сәйкес әзірленді. Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен АҚШ арасында, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін, қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру. Халықаралық авиация ұйымының әуе қатынасын ырықтандыру жөніндегі сұрақтарына және Америка тарапының ұсыныстарына сәйкес, келісім шеңберінде тараптардың әуе компанияларының, пунктер мен рейстер саны, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін әуе еркіндігін бесінші деңгеймен шектеусіз ұша алады", - деді министр. 

Бұл ел тарихында алғашқы ашық аспан режиміндегі келісім екенін атап өтті Өскенбаев. 



"Яғни, кез келген қазақстандық әуе компаниясы үшінші елдерге елдердің жолаушыларын әкеліп және жеткізу құқығымен Қазақстанның кез келген қаласына АҚШ-тың кез келген қаласына рейстер бойынша шексіз санмен жолаушылар тасымалын, сондай-ақ АҚШ пунктері мен АҚШ-тан тыс кез келген пунктер арасында жүк тасымалын орындай алады", - деп түсіндірді министр. 

Сенаторлар аталмыш заңды бірауыздан мақұлдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев тікелей әуе қатынасын ашу екі ел арасында сауда-экономикалық қатынастарды арттыратынын, халықаралық авиарейстер санын көбейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Айта кетейік, АҚШ-қа тікелей әуе рейсін ашу туралы заң жобасын мәжіліс өткен жылдың қараша айында мақұлдаған болатын. 
 

Талқылау