Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат АҚШ-тағы қазақстандықтардың есепшоттары туралы ақпарат алуға болатын заң қабылдады

Сенат Қазақстан Республикасының үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін ілгерілету туралы келісімді ратификациялау туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Питон жыланы алып қолтырауынды түгелдей жұтып қойды

Бұл заң қазақстандық азаматтардың салық төлеуден жалтаруының алдын алады және сол арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсетін түсімдерді арттыруға көмектеседі.

2017 жылы салық мәселелері бойынша өзара көмек көрсету арқылы халықаралық салық тәртібін жақсарту туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын.

Келісімнің мақсаты шетелде қаржылық есепшоттары бар АҚШ салық төлеушілерінің салық төлеуден жалтаруымен күресуге бағытталған АҚШ-тың Шетелдік шоттарға салық салу актісін (FATCA) сақтау болып табылады.

Келісім екі елдің резиденттерінің қаржылық шоттары туралы өзара ақпарат алмасуды көздейді, бұл өз кезегінде салық төлеуден жалтаруды азайтуға септігін тигізеді және салықтарды жинау мен басқарудың қосымша құралы болады.



Заң қаржы институттарының, соның ішінде несиелік мекемелердің, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметіне әсер етеді.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов азаматтардың шоттары туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау туралы айтты.

"Бұл келісімде біз алмасатын ақпарат салықтық құпия болып табылады. Біз оны қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция аясында жариялаймыз. Бұл конвенцияда ақпаратты әкімшілік органдарға, оның ішінде салық органдарына және сотқа беруге болатын жағдайлар нақты көрсетілген. Басқа адамдар бұл ақпаратқа қол жеткізе алмайды", - деді Тимур Жақсылықов сенат отырысында.

Оның айтуынша, келісім бойынша қаржы институттары Қазақстанда есепшот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтап, жария етуге міндетті. Сол сияқты, Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та есепшот ашқан қазақстандық барлық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Талқылау