Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сен кімсің, кекіреймей жүр": Меруерт Түсіпбаева энергетика министрдің кеңесшісін сынға алды

Меруерт Түсіпбаева энергетика министрінің кеңесшісі Олжас Байдильдиновқа қатысты өз ойын ортаға салды. Әнші жас шенеуніктің сөзіне қарсы шықты. 

“Ел басына күн туғанда, халықпен бірге бол! Кекірейме! Саған кейбір өз-өзіне қол жұмсап жатқан генерал ағаларымыздың тағдыры сабақ болғай! Өзің немен жүресің?! Астанада велосипедпен жүр дер едім. Сен халықпен бірге автобуспен жүруге лайық емессің. Кімсің сен?”, – деп жазды әнші.

“Айдың-күннің аманында, ойда-жоқта мезгілсіз, елдің болашағы жарқын болсын деп бейбіт шеруге шығып, қайтыс болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Өкінішті. Бейбіт күнде адамдар өліп жатыр. Кім үшін? Не үшін?🥲Жауап бар ма? Иманды болсын бауырларымыз”, – деп жазды Түсіпбаева. 

Айта кетейік, ҚР энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Байділдиновтың 3 қаңтар күні өткен брифингтегі жауабы қазақстандықтардың талқысына түсті.



"Бағаны анықтайтын нарық, ол еңбекақы немесе табысқа тәуелді емес, егер адамдарға бұл баға ұнамаса, олар әркез қоғамдық көлікті пайдалана алады. Бұл мәселе ме?", – деді Олжас Байдильдинов.

Кейін Олжас Байділдинов өзінің Instagram арнасында өзіне айтылған сын пікірлерге жауап берген. Онда ол бұл Telegram-арналардың атақ іздеген әрекеті екенін айтып ақталған.

Оның сөзіне қоғам белсенділері, блогер, журналистер қарсы шықты

Талқылау