Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен 10 жасар баланы таппай жатыр

Семейде мұз ойылып, 10 жасар бала суға батып кетті. Оқыс оқиға кеше кешкісін Семипалатинка өзенінде болған.

52ac292a9adc1bda291108d333d2f272_L

Куәгерлердің айтуынша, Шығыс кентінде тұратын екі бала өзен үстінде ойнап жүріп, кенеттен мұз жарылып, бірі суға кеткен. Тұрғындар жедел желідегі 112 нөміріне қоңырау шалып, суда құтқару қызметі біраз жерді сүзгенімен, еш нәтиже шыққан жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін 07:00-ден бастап екі техника мен сегіз адам іздестіруді жалғастырды. Суға кеткен баланың туыстары мен таныстары да шарқ ұрып жүр. Мамандар мұндай қайғылы жағдайдың биыл алғаш тіркеліп отырғанын айтады.

“Күннің жылынуына байланысты, мұз қалыңдығының жұқаруына байланысты өзен бетіндегі мұз үстінде көп жүрмеуді, техникалық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Қазір ешкім біліп бермейді, қай жерде мұз қалың, қай жерде жұқа екенін. Әр сәтте мұздың сынып, екіге бөлініп кетуі мүмкін. Соған байланысты қала тұрғындарына ескерту жасаймыз”, – дейді қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері Думан Икенов.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ режиссері мұсылман-гейлер туралы фильмін ел назарына ұсынды

Биімен желіні “жарған” қостанайлық анасы мен қызын “Пусть говорят” іздеп жатыр (видео)

Қанды кек: Қостанайда дәрігер әйел өш алу үшін әріптесін өлтіруге киллер жалдаған

Талқылау