Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде әжесі немересін полицияға өз қолымен тапсырған

Семей қаласының 65 жастағы тұрғыны немересін полицияға тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі деректері бойынша немересінің есірткі заттарын сақтағаны анықталған.

"Биыл 19 қазанда Семей қаласының полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне 65 жастағы зейнеткер хабарласып, 18 жастағы немересінің денсаулығы үшін алаңдайтынын айтқан. Оның пәтерінде сақтаған есірткі заттарын өз бетінше беріп жіберген", – деп хабарлады полицияда.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 1,92 грамм кептірілген марихуана алынған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 2-бөлігі "есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігінің санкциясы 466 720 теңгеге дейінгі (160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі) мөлшерде айыппұл төлеуді не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.

Талқылау