Седов ҚР чемпионаты кезіндегі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады
Қазақстан құрамасының ауыр атлеті Владимир Седов өзінің Instagram-дағы парақшасында ҚР чемпионаты кезіндегі қылығы үшін кешірім сұрап, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге наразылық білдірді.

«Бұл қылығым үшін Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Менің спорттық мансабыма нүкте қоюға Илья Ильиннің құқығы жоқ», – деп жазды Седов
«Бұндай психикалық ауытқушылықтар спортшыда жиі болып тұрады. Бәсекеге төзе алмайды. Айналадағының бәрі кінәлі. Оның ашуы кенеттен пайда болады. Оны бақылап, қашан болатынын болжау мүмкін емес. Оны дайындықтан және Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысудан шеттейміз. Спортшы мұндай психикалық жағдайымен еліміздің намысын қорғай алмайды. Олимпиадада осы қылығын қайталаса, Қазақстанды жерге қаратады»,-деді ҚР ауыр атлетика бойынша бас бапкері Алексей Ни, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұған дейін Седовтың ел чемпионаты кезінде шу шығарғаны жайлы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады