AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуле Әбілдаханқызы: Ұлымның өлімінің артында кімдер тұрғанын тексеруге дәтім бармады, әруағы тыныш жатсын

Журналист, тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы ұлының қазасын жұмбақ өлім санайды. Алайда оны тексеруге жүрегі дауаламайды. Тележүргізуші өз ұлының қазасын мысал ете отырып Түркістандағы оқушы қыздың өліміне қатысты ойын жазды.

Тележүргізушінің айтуынша, баланы тек беспен оқуға мәжбүрлемеу керек. Ол ақылы толыспаған бала үшін психологиялық соққы. Үнемі бес деген баға алған бала үшті алып қалса, оған моральді түрде ауыр тиеді. 

"Түркістанда "дұрыс" баға алмағаны үшін суицид жасаған қыз туралы ақпарат әлемжелілерді кезіп жүр... Жап-жас балаға обал, әрине... арты қайырлы болсын!...

Бұл, ең алдымен, балаға психологиялық тұрғыда ата-анасы тым артық салмақ салып тәрбиелегендігінен болар деп ойлаймын... "Синдром отличника" – "Үздік оқушы синдромы" – жақсы "портрет" емес...

Өмірдің мәні – "бестік" бағада емес. Балаға "үштік, екілік" алуға да рұқсат беріңіздер, құрметті ата-аналар!..

Өзім алғашқы және соңғы "екілік" бағаны өз әпкемнің сабағынан алғанымды, сол "екілік" үшін әкем қып-қызыл күздік туфли сатып әпергені туралы жазғаным бар...



Ауылда "круглый отлишниса" боп, Алматыға келгенде анда-санда "үш" алып тұратын, толық "харашиске" айналған едім... Аттестатыма алгебрадан әлде геометриядан түскен жалғыз "үшім" бар, құдайға шүкір... Сол үшін оқу оқи алмай қалған жоқпын, сол үшін адамның қоры болған жоқпын, сол үшін байға тимей қалған жоқпын, сол үшін өмірден өз орнымды таппай қалған жоқпын...

"Дүниенің көп кетігінен өз орныңды таба білген “кірпіш" болу үшін аттестатыңда тек "бестік" болсын деген заң жоқ. Балаларыңызға соны ұқтырсаңыздар екен...

Біліксіз, сауатсыз, рухсыз "болашақтықтан" ауылдастарының жерін жыртып беріп алғысын алған мықты тракторшы бақытты!", – деп жазды.

Сәуле Әбілдаханқызы өз ұлының қазасын мысал етті. Жұмбақ өлім санайды. Алайда оны тергеп-тексеруге жүрегі дауаламайды. 

Балапандар аман болсыншы! Оларды барлық "негативтен" қорғайықшы!..Олардың өлімін "қару" ғып "пайдалану" да дұрыс болмас. Баламның өлімін "қару" қылсам, үш жыл бұрын мен "қару" қылған болар едім. Мен баламның өлімін "жұмбақ өлім" деп санаймын. Ар жағында кімдер тұрғанын, нелер тұрғанын тексеріп, журналистік зерттеу жасауға дәтім бармады. Әруағы тыныш жатсыншы. Иә, әрине, директор қысым жасаған болса, тексерілуі шарт.

Айта кетейік, желіде Түркістан облысындағы мектеп директоры 9-сынып оқушысын өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Ордабасы ауданының тумасы Нұрдәулет Мықтыбеков есімді тұрғын мектеп директорының қарындасын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені туралы айтып, әділдік сұрады. 

2018 жылдың 4 қаңтар күні Сәуле Әбединованың ұлынан айырылғаны туралы қайғылы хабарды дос-жарандары хабарлаған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр