Астанадағы сауда орталығында қой жетектеген блогер қамауға алынды
Желіде қой жетектеп, сауда орталықтарын аралаған блогердің видеосы пайда болды. Оқиға Астана қаласында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кадрдан оның қоймен бірге қоғамдық көлікке мінгенін де көруге болады.
“Блогердің әрекеті қоғамдық тәртіп бұзу болып тіркелді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынды. Бұдан басқа, оған ӘҚБтК – нің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін бес АЕК мөлшерінде және ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігі бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.
Видеоны көрген жұрт: “Атың шықпаса жер өрте” дегеннің кейпі десе, енді бірі “Қойыңа қыстық киім іздедің бе?!” деп әзілдеп жатыр.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"