"Самұрық-Қазына" 4 өңірде жаңа спорт кешенін салады

Ақтөбе, Арқалық, Қонаев және Семей қалаларында жаңа денешыгықтыру-сауықтыру кешендері бой көтереді. Нысандардың құрылысы "Самұрық-Қазына" АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – Samruk-Kazyna Trust арқылы қаржыландырылады.
Аумағы 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты орталықтарда әртүрлі спорт түрлеріне арналған ойын залдары, 100 орындық көрермен трибунасы, күрес және бокс залдары, тренажер залы, сондай-ақ қосалқы бөлмелер болады.

Кешендер лифтімен жабдықталып, соның арқасында екінші қабат барлық келушілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолжетімді болады. Әр нысанның құрылысына шамамен 1,6 миллиард теңге бөлініп, оларды келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, биыл Samruk-Kazyna Trust арқылы еліміздің бірнеше өңірінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектерді тұрақты спортпен шұғылдануға бағытталған инклюзивті спорт орталықтарының құрылысы басталады.
Қордың әзірлеген тұжырымдамасына сәйкес, мұндай орталықтарда бейімделген және инклюзивті спорт түрлеріне арналған залдар, бассейн, медициналық және физикалық оңалту бөлмелері, оқу және әлеуметтену аймақтары, сондай-ақ қонақүй нөмірлері қарастырылған.

Бүгінде компаниялар тобы атынан 19 спорт кешені жұмыс істеп, 700 мыңнан астам адамға спортпен шұғылдануға мүмкіндік беріп отыр.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік