Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самат Әбішке қатысты қозғалған іс сотқа жетті

Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді.

Самат Әбішке Қаңтар оқиғасы кезінде билігі мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілген еді.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдегені туралы жазған едік. 

Самат Әбіш ҰҚК-нің ұсталған бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болған. Былтыр шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті одан куәгер ретінде жауап алынғанын, алайда ұлттық қауіпсіздік органдары Әбішке қатысты қылмыстық істер тіркемегенін, бұлтартпау шарасы қолданылмағанын хабарлады.

Бас прокурор Берік Асылов Әбіштің комитет басшылығына қарсы іс бойынша жай ғана куәгер болғанын мәлімдеген еді.

Талқылау