Сәбиін қоқысқа тастаған қыз алимент төлейтін болды
Жезқазғандағы қалалық соты баласын қоқыс тастап кеткен 18 жастағы студент қызды алимент төлеуге міндеттеді. Ай сайын ол 1 айлық есептік көрсеткішінің (АЕК) төрттен бір бөлігін баласына беріп отыруы тиіс. Яғни 530 теңге. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Диапазон порталы жазды.

Биыл бір айлық есептік көрсеткіш 2121 теңгені құрайды. Басылымның хабарлауынша, студент қыздың үстінен сотқа арызды Балалар үйінің басшылары түсірген. Көкек ана бала кәмелет жасына толғанға дейін алимент төлеп отырады.
Естеріңізге салайық, биыл 17 мамыр күні Жезқазғанға жақын орналасқан Кеңгір ауылындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылған болатын. Баланың жылаған дауысын кездейсоқ куәгерлер естіп, дереу жедел-жәрдем қызметін шақырған. Студент қыз баланы босанғаннан кейін дәретхана қағазына орап, аузына да қағаз тығындап тастаған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады