AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рухани апиын": Қытайда жасөспірімдерге аптасына үш сағат қана компьютерлік ойындар ойнауға рұқсат етілді

Қытайда 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге компьютерлік ойындар ойнауға қойылған шектеу күшейтілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Қытайдағы бейне ойындар нарығын реттейтін баспа істері жөніндегі ұлттық басқарма белгілеген жаңа ережелерге сәйкес, балалар мен жасөспірімдер тек жұма, сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ мереке күндері ғана тек бір сағаттан, кешкі 8-ден кешкі 9-ға дейін ғана көңіл көтеретін мобильдік ойындар ойнай алады. 

Бұрын балаларға күніне бір жарым сағаттан, демалыс және мереке күндері үш сағаттан 22:00-ден 08:00-ге дейін үзіліс жасап ойнауларына рұқсат етілген болатын. 

Шілде айында қытайлық Tencent ойын компаниясы жасөспірімдер шектеуді елемей ересектердің логиндерін қолданып ойнамасы үшін пайдаланушылардың фотосуреттері арқылы бет-бейнесін айқындауды енгізген.

Басқару ойын компанияларынан қосымша тыйымның сақталуын бақылауды талап етті. Компаниялардың өздеріне де бақылау күшейтілуде. 

Мемлекеттік ағылшын тіліндегі Economic Information Daily газеті интернеттегі ойындарды "рухани апиын" деп атаған мақала жариялады. Басылымның пікірінше, жасөспірімдер ойын ойнау арқылы психологиялық тәуелділікке түседі. Тиісінше, бұл олардың дамуына кері әсерін тигізбек. 

Мақала Қытайдағы ең ірі ойын компанияларының акцияларының айтарлықтай төмендеуіне себеп болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр