Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа Әбдіжаппар қатысқан сайысқа қатысты: Бізде əділқазылар барлық уақытта əділ емес деп айтылады

Әнші Роза Әлқожа Әбдіжаппар Әлқожа қатысқан “Жұлдыз жекпе-жек” сайысына қатысты пікір жазды.

Ол Әбдіжаппардың сахнада көрсеткен өнерін жоғары бағалады.

“Қайырлы түн! Кеше “Жекпе-жекті” көре алмай қалдық. Байқауға қатысып бақ сынау деген қиынның қиыны. “Даланы биіктетем деп тауды аласартып алатын” біздің елде тіпті қиын. Жүгіріп жүріп, секіріп жүріп əн айту, оның үстіне өте жылдам, жаңылтпаш сияқты əнді айту оңай емес. Бап та, ат та емес, бақ шабатын сайыста өзіңді жоғалтып алмау басты шаруа. Қалайда, қатысқаның үшін, батылдығың үшін ризамын! Ал, бізде əділ-қазылар барлық уақытта əділ емес деп айтылады!”, – деп жазады әнші желідегі парақшасында.

Айта кетейік, “Жұлдызды жекпе-жек” бағдарламасында әнші Әбдіжаппар мен Әміре бас сынасты. Әділқазылар келесі бағдарламаға Әбдіжаппарға жолдама берді.

“Біткен іске сыншы көп демекші. Әмірені жеңді деп жатсыздар. Мақұл делік. Бірақ Әбдіжаппарда өте жақсы айтты және де бұл жерде шоуда болды,биде болды, толығымен жақсы дайындалып келген. Тойдың әншісі деп жатсыздар ғой барлық әнші тойға барады. Ода тұрған несі бар. Сосын әділ қазылар әділетті өткен жоқ деп жатсыздар. Сонда не сол жердегі отырған әншілер құр отырғандар ма. Олар сол өнердің майын ішкендер. Мейрамбек ағамызды көп сөкпендер ол кісі берген дауысты ғана хабарлап айтады. Менің ойымша өте Әділ өтті сайыс. Әбдіжаппар тек қана алға”.

“Әміре жеңді, даусы керемет. Сахна әншісі. Әбдіжапар той әншісі. Танымалдығы аз болған соң басым түсе алмаған шығар. Маған Әміре ұнады”, – деп жазады желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз: 

Қайрат Нұртастың тойдағы биі көпшілікке ұнап қалды (видео)

Өз тілім емес: Заңғар Нұртас “ағылшынша әнді акцентпен айтты” деп сынағандарға жауап берді

Бүгінде актер, режиссер әрі продюсер: Шымкентте жетімдер үйінде өскен бала Голливудты қалай бағындырды

Талқылау