Роналду полицейдің көзінше көпе-көрнеу жол ережесін бұзды (видео)
Футболдан Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік “Реалдың” шабуылшысы, әлем футболының үздігі Криштиану Роналду Испания астанасында жол ережесін өрескел бұзып көзге түсіп қалды.

Бұл туралы AS басылымы жазады.
Португали шабуылшысы полицейлердің көзінше көпе-көрнеу бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамастан өте шыққан. Оқиға Испания чемпионатының 25-турындағы “Лас-Пальмаспен” тең түскен кездесуден кейін орын алған.
Футболшы бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған көлік жүргізушісін айналып өтіп, әрі қарай кетіп қалған. Ал матч 3:3 есебімен тең аяқталған еді.
Оқи отырыңыз:
Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)
“Мұхаммед Әлидің мәнерін” салмақшы болған боксшы нокаутқа түсіп қалды (видео)
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі