Ринат Зайытов бесінші рет әке атанды
Танымал айтыскер ақын, көптеген хит ән мәтіндерінің авторы Ринат Зайытов бесінші рет әке атанды. Ринаттың жары Зүлфия Тұрсынқызы қыз босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Амал мерекесі баршаңызға құтты болсын! Керемет мерекеде отбасымыз кішкентай xаншайыммен толығып жатыр. Аллаға шүкір! Құттықтауларыңызға, тілектеріңізге көп рахмет! Жұғысты болсын!” – деп қуанышымен бөлісті Зайытовтың келіншегі желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Ринат Зайытов пен Зүлфия Тұрсынқызы Ақжүніс, Айша, Оспан және Аягөз есімді балалары бар. Енді Зайытовтың төрт қызы және бір атұстары бар.
Тағы оқыңыз: Әке туралы өлеңдер
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады