Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде кәмелет жасқа толмаған 3 баланың анасын аяусыз өлтіріп кеткен

Риддерде кәмелет жасқа толмаған 3 бірдей баланың анасын аяусыз өлтірген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таралған хабар бойынша, 26 тамыз күні қала әкімдігі қызметкерінің жоғалғаны туралы белгілі болады. Әйел таңертең үйден жұмысқа қарай шығып, қайта оралмаған.  

"Кешкісін орман ішіндегі жолдардың бірінің бойынан жолды қысқарту үшін осы жермен өтетін бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды. Оның денесінен тұншықтыру және бірнеше пышақ жарақатын салған белгілер анықталды. Оқиға орнына Полиция департаментінің басшылығы, прокуратура, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері жедел түрде жеткен", – делінген хабарламада.

Бірнеше күннен кейін жедел әрекет ету қызметкерлері қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, ұстағаны хабарланды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 34 жастағы ер адам болып шықты.

Оның куәлігі бойынша, пайдаға деген құштарлық оны қылмысқа итермелеген. Ол орман ішіндегі жолмен өтіп бара жатқан әйелдің күміс әшекейлері мен қолындағы сөмкесін көрген. 

"Осы 6 күн ішінде тәулік бойы тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 192-баптарына сәйкес санкциялары бойынша 20 жылға дейін жаза немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған", – деді ШҚО ДП бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Анасыз қалған 8 жастан 11 жасқа дейінгі балалар жақын туыстарының қамқорлығына берілді.

Талқылау