Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермек Тұрсынов: Ақан Сатаев та, Бекмамбетов те режиссер емес, олар саудагерлер

Режиссер, кинодраматург Ермек Тұрсынов ел аузында талқыға түсіп, сынға ұшыраған фильмдер мен әріптестерінің туындылары жайлы пікірін айтты. Режиссер Ақан Сатаев пен Тимур Бекмамбетовті әріптес ретінде мойындамайтынын жеткізді. 

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды. 

Ермек Тұрсынов "Келін" фильмі шыққан соң көпшіліктің сынына қалды. Баланы ешкімен жақындастырғаны әрі анайы эпизодтар көрсеткені үшін сөгіс естіді. 

Тұрсынов анайы эпизодтардан ешқандай әбестік көрмейді.

"Менің әрбір кином шынайы қазақы картина негізінде құрылады" дейді. Ал ел танитын танымал режиссерлердің туындысы кино емес, ақша үшін түсірілгенін атап өтті. 

"Келінді" әлі күнге дейін шу қылады. Қоймен де жыныстық қатынасқа түсіп жүргендер бар. Ол өтірік емес. Кинодағы оқиғалар өмірде бар. Менің әрбір киномда қазақылықтың иісі шығады. Мен басқа режиссерлер секілді қалта үшін кино түсірмеймін. Мен бас пайдам үшін түсірсем, басқаша болар еді", - деді Тұрсынов. 



Режиссер Ақан Сатаевты, Тимур Бекмамбетовты режиссер деп мойындамайды. Оларды кино саласында жүрген саудагерлер деп санайды. 

"Ақан Сатаев та, Тимур Бекмамбетов те мен үшін режиссер емес. Олар - саудагерлер. Олар қалта үшін кино түсіретіндер. Халық соны түсіну керек. Олар қандай тапсырыс болса да жасай береді. Елбасы туралы болсын, тарихи фильм болсын, драма болсын, боевик болсын түсіре береді. Бастысы кассаға ақша түссе болды. "Томирис" фильмін сауда құралы десе болады. Екінші сұрыптағы кинолар. Ол шетелге қызық емес. Себебі олар одан да зор кино түсіріп тастаған. "Троясы" бар, "Гладиаторы" бар. Режиссер деген суреткер болу керек. Ол бас пайданы ойламау керек", - деді Ермек Тұрсынов. 

Ермек Тұрсынов кино саласында марапат алмағанын, берген күннің өзінде бас тартатынын айтты.

"Маған атақ-даңқ керек емес. Маған марапат беріп жатса, бас тартар едім. Мен өзімді шенеунік деп атаса, жек көремін. Екі костюмім бар. Бірі қара түсті, бірі ақшыл. Оның өзін кигім келмейді. Себебі еркінмін. Еркіндікті ұнатамын. Өз қалауымша жүргім келеді. Қарапайыммын. Жаңа нәрсені ұнатпаймын", - деді режиссер. 

 

Талқылау