Республиканың бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды
Елорда әкімдігі ауқымды Astana Muz Fest 2022 фестивалін өткізуге дайындалып жатыр, шара аясында еліміздің бас шыршасы жағылады. Шырша EXPO көрме орталығында орналасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жыл қарсаңында қала билігі ұйымдастырған фестиваль тура бір аптаға созылмақ. Ресми ашылуы EXPO көрме орталығының алаңында өтеді.
"19 желтоқсан күні сағат 18:00-де шарада еліміздің бас шыршасы жағылады, кеш қазақстандық әртістердің, хордың, Аяз ата мен Ақшақардың өнер көрсетуімен жалғасады. Астана қонақтары мен тұрғындарына "Ғажайыптар түні" ертегі мұз шоуы ұсынылады. Сондай-ақ, фестивальдің ашылуында "әлем халықтарының ертегілері" тақырыбында мұз мүсіндері байқауының жеңімпаздары марапатталады. Жарықтандырылған мүсіндер фестиваль басталғанға дейін 3 күн бұрын салынады", - делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен